Уақытша бос педагог лауазымына конкурс жариялау туралы хабарландыру
УАҚЫТША БОС ПЕДАГОГ ЛАУАЗЫМЫНА КОНКУРС ЖАРИЯЛАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
Мекеме атауы: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №36 «Бүлдіршін» бөбекжай бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Орналасқан жері:: Тараз қаласы, Салтанат шағын ауданы, 22 «А» . тел: 8/7262/ 34-38-61; эл.почта 36-13@mail.ru
Уақытша бос лауазым атауы: 1) Тәрбиеші, қазақ тобына -1,0 бірлік
Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне қарай 156 057теңге
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Тиісті бейін бойынша жоғарыжәне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік білімі болуы тиіс. Педагогке қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келуі керек:
Үлгілік бағдарламаның мазмұны мен құрылымын білу, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың әдіснамасын білу;
Жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру мен оқытуға жеке көзқарас жүргізу; бірлескен перспективалық жоспар мен циклограмма жасау; тәрбиеленушілердің білім, білік және дағдыларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты деңгейінен төмен болмауын қамтамасыз ету; инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану, ата-аналар мен немесе оларды алмастыратын адамдармен қарым-қатынас жасау; әдістемелік жұмыстарға қатысуға; балалардың дамуын диагностикалау; білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысады, кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгереді, сандық білім беру ресурстарын қолданады.
Лауазымдық міндеттері:
Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқытуда денсаулық сақтау технологияларын қолданады;
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқуқ ызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады;
Режимдік сәттерді (таңертеңгі қабылдау, таңертеңгі гимнастика, күні ішінде тамақ ішу, балалар іс-әрекетін (ойын, шығармашылық, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек, эксперименттік, дербес және өзге), серуендеуді, күндізгі ұйқыны, жеке жұмысты, сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді, заттық-дамытушылық ортаны құрады) басқарады;
Балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады;
Дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқубағдарламасын, оқу-әдістемелік әдебиетті зерделеу негізінде және топ балаларының жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие-білім беру процесін жоспарлайды;
Қолжеткізілген нәтижелерді талдау негізінде білім беру қызметін жобалайды;
Мектепке түсу кезінде бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін білім беру ортасына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады;
Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар әрбір балаға жекеқарауды қамтамасыз етеді;
Мектепке дейінгі ұйымда өткізілетін іс-шараларға (кеңестер, педагогикалық және әдістемелік кеңестер, конкурстар және басқалар) қатысады;
Отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде үздік тәжірибелерді зерделеумен, жинақтаумен, тарату мен және енгізумен айналысады;
Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады.
Білуге міндетті:
-Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың бағыттары мен перспектикваларын айқындайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді,
-педагогика мен психологияны,
-пәнді оқыту әдістемесін, тәрбие жұмысын, оқыту құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін,
-оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптарды,
-еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғауережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Конкурсқа қатысу үшін тапсырылатын құжаттар:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде (2024 жылғы 29 қарашадан бастап, 9 желтоқсан сағ. 18.00-ге дейін)
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №36 «Бүлдіршін» бөбекжай бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынында электрондық немесе қағаз түрінде қабылданады.
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурс 2024 жылғы 11 желтоқсан күні «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №36 «Бүлдіршін» бөбекжай бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынында өткізіледі
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын лауазымдық міндеттері мен біліктілік талаптары туралы қосымша анықтаманы «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №36 «Бүлдіршін» бөбекжай бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынынан алуға болады. Тел. 8(7262)343861, 87085885313 36-13@mail.ru