24
сентябрь
2024
«Тараз – қолөнершілер қаласы» III Халықаралық қолөнершілер көрмесі
Құрметті Тараз қаласының тұрғындары және қонақтары!
📍Сіздерді 27-29 қыркүйек күндері «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде өтетін «Тараз – қолөнершілер қаласы» III Халықаралық қолөнершілер көрмесіне келуге шақырамыз!
🔊Көрмеге еліміздің үздік қолөнершілері, жақын-алыс шетелдерден келген қонақтар, еліміздің мәдениет және өнер саласының майталмандары, колөнершілерді қолдау қорлары мен ұйымдары, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Швейцария, Болгария, Моңғолия, Үндістан мемлекеттерінің қолөнершілері қатысады.
🔝Үш күнге есептелген іс-шара аясында қолөнершілер көрмесі, кәдесый өнімдерін сату жәрмеңкесі, сән топтамаларының көрсетілімі, қолөнер шеберханаларының мастер-класстары, гала-концерт орын алады.