Конкурс жариялайды » №36 "Бүлдіршін" бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
№36 "Бүлдіршін" бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Приемная
+7(72)54-57-40
Бухгалтерия
+7(72)54-57-55
Версия для
слабовидящих
14
октябрь
2022

Конкурс жариялайды

КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ.
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Орналасқан жері:   Тараз қаласы, Салтанат мөлтек ауданы, 22 «а»
Пошталық мекен-жайы: 36-13@mail.ru телефон: /87262/ 34-38-61
Мекеме атауы: « Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №36 «Бүлдіршін» бөбекжай-бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны  
Бос лауазым атауы:  логопед. (тұрақты)
Еңбек ақы мөлшері: 1,0 штаттық бірлік  жалақысы еңбек өтіліне қарай 119050 тг. 
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Тиісті бейіні бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық  білім болуы тиіс.
Лауазымдық міндеттері:
Мекемеде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау нұсқауына сәйкес өзіне сеніп тапсырылған тәрбиеленушілерге қарауды жүзеге асырады.
Б/бақшаның басқа да қызметкерлерімен оқу-тәрбие үрдісін жүзеге асыру жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады.
Ерекше балалармен жұмыс жүргізеді.
Тәрбиеленушілерге психикалық, физикалық және физиологиялық бұзылуларын анықтау үшін зерттеу жүргізеді.
Б/бақшада өтетін педагогикалық кеңестер, семинар, кеңестерге қатысады. Озық іс –тәжірибесін ендіреді.
Кәсіби білімін арттырып, білімін жетілдіріп отырады.
Б/бақшада логопедтің тиісті құжаттарын жүргізеді.
Қатаң түрде медициналық тексеруден өтеді.
Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, «Білім туралы»,   «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», Қазақстан Республикасының заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқ ада нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты,   педагогика және психология, еңбекті қорғау, санитарлық ережелар.  
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын талаптары: мамандығына сәйкес диплом, жоғары білімді педагог..
Конкурсқа қатысу үшін тапсырылатын құжаттар: 
Конкурсқа қатысатын адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды.:
  1. Осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат;
  3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы.
  4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшіремелері;
  5. Еңбек қызметін растайтын құжат
  6. Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының  2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ -175 /2020 бұйрығымен  бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген).
  7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  8. Наркологиялық ұйымнан анықтама;
  9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі –ЕНТ)  немесе  педагог,   педагог-модератордың , педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санаты болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
  10.  11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі: 14.10. – 20.10.2022 ж хабарландыру жарияланғаннан кейін 7 (жеті) жүмыс күн ішінде (2022 жылғы 20 қазан сағ 18.00-ге дейін) . 
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №36 «Бүлдіршін» бөбекжай-бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынында электрондық   немесе қағаз түрінде қабылданады . 
Конкурс 2022 жылғы 28 қазан күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №36 «Бүлдіршін» бөбекжай-бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынында өткізіледі.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын лауазымдық міндеттері мен біліктілік талаптары туралы қосымша анықтаманы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №36 «Бүлдіршін» бөбекжай-бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынынан алуға болады.
  • Тел /87262/ 34-38-61
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив