15
январь
2026
"Көңілді қысқы ойындар"
Бөбекжай-бақшамыздың консультациялық пунктіне қатысушы балалармен «Көңілді қыс және қысқы ойындар» атты ойын-сауық іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – балалардың қыс мезгіліне деген қызығушылығын арттыру, қысқы ойын түрлерімен таныстыру, қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту және жағымды көңіл-күй қалыптастыру.
Бағдарлама барысында балалар көңілді әуенмен сергіту жаттығуларын орындап, ойын кейіпкерлерімен бірге белсенді әрекет етті. «Қояндар», «Кім жылдам?» және «Қар атысу» ойындары арқылы балалар ептілік, шапшаңдық және белсенділік көрсетті. Ойындар балаларға қуаныш сыйлап, еркін қарым-қатынас жасауға мүмкіндік берді.
Іс-шара балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, қысқы ойындардың қызықты әрі пайдалы екенін сезінуге ықпал етті.