БОС ӘДІСКЕР ЛАУАЗЫМЫНА КОНКУРС ЖАРИЯЛАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ » №36 "Бүлдіршін" бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
№36 "Бүлдіршін" бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72)54-57-40
Есепші бөлімі:
+7(72)54-57-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БОС ӘДІСКЕР ЛАУАЗЫМЫНА КОНКУРС ЖАРИЯЛАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
19
август
2025

БОС ӘДІСКЕР ЛАУАЗЫМЫНА КОНКУРС ЖАРИЯЛАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

БОС ӘДІСКЕР ЛАУАЗЫМЫНА КОНКУРС ЖАРИЯЛАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Мекеме атауы: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №36 «Бүлдіршін» бөбекжай бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны 

Орналасқан жері::Тараз қаласы, Салтанат шағынауданы, 22 «А» . тел: 8/7262/ 34-38-61; эл.почта 36-13@mail.ru

Тұрақты бос лауазым атауы: 1) әдіскер  -1,0 бірлік


Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне қарай  323 696 теңге

1. Әдіскер лауазымына қабылданатын тұлғаға қойылатын талаптар.
1.1. Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлау курстарынан өткенін растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе техникалық және кәсіптік білімін растайтын құжат, мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде - кемінде 3 жыл, ауылдық жерде - кемінде 1 жыл.
1.2. Балабақша меңгерушісіне бағынады.
1.3. Меңгерушінің бұйрығымен қызметке қабылданады және қызметтен босатылады.
1.4. Жарты жылда 1 рет медициналық тексеруден өтеді.
1.5. Өз жұмысында нормативтік құжаттарды, осы лауазымдық нұсқаулықты және Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін басшылыққа алады.
1.6. Еңбек тәртібін сақтайды.
2. Лауазымдық міндеттері.
2.1. Білім беру ұйымының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады; оқу, оқу-тақырыптық жоспарлар мен бағдарламалар жасайды; балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (әзірлеуге) қатысады; жас топтары бойынша сабақ кестесін жасайды.
2.2. Оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, нысандарын, әдістері мен құралдарын анықтауға көмек көрсетеді.
2.3. Оқу-әдістемелік құжаттамаларды, құралдарды әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады.
2.4. Инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтауды, зерттеуді, таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді.
2.5. Топтарды оқу құралдарымен, ойындармен, ойыншықтармен жинақтауды ұйымдастырады.
2.6. Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының жағдайын талдайды; педагогикалық кеңестің отырыстарын дайындайды және үнемі өткізеді, жас педагог мектебінің жұмысын үйлестіреді.
2.7. Тәрбиешілер үшін сабақтар, мастер-кластар, семинарлар, жеке және топтық кеңестер, көрмелер, конкурстар өткізеді, шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады.
2.8. Оқу-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің деректер банкін қалыптастырады, есепке алу және есеп беру құжаттамасын уақытылы рәсімдейді.
2.9. Тәрбиешілердің, психологтың, логопедтің, музыкалық жетекшінің, ұйымның басқа мамандарының өзара іс-қимылын үйлестіреді.
2.10. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын үйлестіреді.
2.11. Тәрбиешілер, олардың көмекшілері лауазымдарына кадрларды іріктеу және оларды көтермелеу жөнінде ұсынымдар енгізеді.
2.12. Педагогтердің біліктілігін арттыру және біліктілік санаттарын беру (растау), аттестаттау жөніндегі жұмысты үйлестіреді. Балалардың даму диагностикасының жүргізілуін бақылайды, МДҰ мониторинг жүргізуді ұйымдастырады.

3. Әдіскер білуге тиіс. 

3.1. Білім беру саласының нормативтік құқықтық актілерін: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын.
3.2. Дидактика принциптері, педагогика, психология негіздері, тәрбие мен оқытудың жалпы және жеке әдістемелерін.
3.3. Белсенді оқыту, әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынас тренингінің әдістерін.Әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін.
3.4. Педагогикалық этиканың нормаларын.
3.5. Еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғаныс, санитариялық қағидалар мен нормаларын.
3.6. Дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету ережесінің тәртібін. 
3.7. Төтенше жағдайда іс-әрекет ету тәртібін.

Конкурсқа қатысу үшін тапсырылатын құжаттар:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

       1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
      4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
 7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
 8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
 9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
11) осыҚағидаларға 12, 13-қосымшаларғасәйкеснысанбойыншапедагогтіңбоснемесеуақытшабослауазымынакандидаттыңтолтырылғанбағалаупарағы;
12) жұмысорнынан (педагоглауазымыбойынша), оқуорнынанұсынымхат.
      Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан  кейін  келесі жұмыс  күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде (2025 жылғы  20-тамыздан бастап, 28 тамыз  сағ. 18.00-ге дейін) 

 «Жамбыл облысы әкімдігінің  білім басқармасы Тараз  қаласының білім бөлімінің №36 «Бүлдіршін» бөбекжай бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынында электрондық немесе қағаз түрінде қабылданады.

Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурс 2025 жылғы 29 тамыз күні  сағат 9.00 –де  «Жамбыл облысы әкімдігінің  білім басқармасы Тараз  қаласының білім бөлімінің №36 «Бүлдіршін»  бөбекжай бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынында өткізіледі

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын лауазымдық міндеттері мен біліктілік талаптары туралы қосымша анықтаманы «Жамбыл облысы әкімдігінің  білім басқармасы Тараз  қаласының білім бөлімінің №36 «Бүлдіршін» бөбекжай бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынынан алуға болады. Тел. 8(7262)343861, 87085885313 36-13@mail.ru 


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив