13
октябрь
2026
«Бірге ойнаймыз, бірге дамимыз» педагог-психолог: Марат Л.
«Бірге ойнаймыз, бірге дамимыз» – ойын арқылы баланың дамуына қолдау көрсету
Балабақшамыздың мобильді консультациялық пунктіне келетін балаларға психологиялық қолдау көрсету мақсатында «Бірге ойнаймыз, бірге дамимыз» тақырыбында дамыту жұмысы ұйымдастырылды.
Жұмыстың негізгі мақсаты – ойын әрекеті арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту, эмоционалдық жай-күйін қолдау, қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру және қоршаған ортамен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік жасау. Іс-шара барысында балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес қызықты ойындар мен дамыту жаттығулары жүргізілді. Түрлі ойын тапсырмалары арқылы балалардың зейінін, есте сақтауын, ойлау қабілетін, тілін және ұсақ моторикасын дамытуға бағытталған жұмыстар жүзеге асырылды. Сонымен қатар балалардың эмоцияларын тануына, өз сезімдерін білдіруіне, бір-бірімен қарым-қатынас орнатуына және ойын барысында өзара әрекеттесуіне ерекше назар аударылды. Ойын барысында балалар белсенділік танытып, тапсырмаларды орындауға қызығушылықпен қатысты. Бірлескен ойындар олардың өзіне деген сенімділігін арттыруға, жағымды эмоциялар қалыптастыруға және әлеуметтік дағдыларын дамытуға ықпал етті.