Консультациялық пункт » Страница 3 » №36 "Бүлдіршін" бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
№36 "Бүлдіршін" бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72)54-57-40
Есепші бөлімі:
+7(72)54-57-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ән эстафетасы" ойын-әрекеті
27
февраль
2026
"Ән эстафетасы" ойын-әрекеті
«Ән эстафетасы» ойын әрекеті                                                                                                                                                                                                                                                                                                              Мақсаты: балалардың музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, өзіне деген сенімділігін арттыру және бірлескен әрекетке тәрбиелеу.
"Не өзгерді?" ойын әрекеті
19
февраль
2026
"Не өзгерді?" ойын әрекеті
Консультациялық пункт жұмысы аясында балалардың логикалық ойлау қабілетін, зейінін және есте сақтауын дамыту мақсатында «Не өзгерді?» тақырыбында ойын әрекеті ұйымдастырылды. Іс-әрекет барысында көлік түрлері бейнеленген суреттер арқылы жұмыс жүргізілді. Ойын барысында балалардың байқағыштығы, есте сақтау қабілеті және салыстыру дағдылары дамыды. Сонымен қатар көлік түрлері туралы білімдері кеңейіп, дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықты.
Тақырыбы: "Қиялдағы жануар"
12
февраль
2026
Тақырыбы: "Қиялдағы жануар"
​https://www.instagram.com/reel/DVLb7M8DQ6n/?igsh=MTZhMThnNmFqMGxzcg==​​​ Балалар консультациялық пунктке келіп, өз қиялдарын еркін көрсетті. Тәрбиешімен бірге бірмүйіздіні ермексаздан мүсіндеу арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытып, ұсақ қол моторикасын жетілдірді.  Іс-әрекет барысында балалар өз туындыларын таныстырып, шығармашылық еңбектерін бағалады, ал соңында өз бірмүйізділерін «қонаққа келген бірмүйіздіге» сыйлады.
Баланың сөйлеуін дамытуға арналған  әдістер мен тәсілдер
05
февраль
2026
Баланың сөйлеуін дамытуға арналған әдістер мен тәсілдер
Баланың сөйлеуін дамытуға арналған әдістер мен тәсілдер.  Баланың анық сөйлеуі оның жан-жақты дамуына әсер етеді. Сөйлеуді жетілдіру үшін әңгімелесу, сөздік қорды байыту, суретпен жұмыс, артикуляциялық жаттығулар, саусақ ойындары және өлең-жаңылтпаштар тиімді. Ата-аналарға балаға дұрыс үлгі көрсетіп, сабырмен тыңдап, жаттығуларды тұрақты жүргізу ұсынылды.
"Көңілді аспаптар" ойын әрекеті
29
январь
2026
"Көңілді аспаптар" ойын әрекеті
«Көңілді аспаптар» ойын әрекеті – балалардың музыкалық есту қабілетін, ырғақты сезінуін және дыбыстарды ажырата білу дағдыларын дамытуға бағытталған ұйымдастырылған ойын түрі. Ойын барысында балалар қарапайым музыкалық аспаптармен танысып, олардың дыбыстық ерекшеліктерін қабылдайды, салыстырады және тәжірибе жүзінде қолданады.
"Сиқырлы айна"
22
январь
2026
"Сиқырлы айна"
Балалар сиқырлы айна арқылы ертегілер әлеміне саяхат жасады. Ойын барысында олар түрлі кейіпкерлерді сомдап, қиялын дамытты, қимыл-қозғалыс және сөйлеу дағдыларын жетілдірді.  Бұл ойын әрекеті шығармашылықты, достықты және ынтымақтастықты нығайтып, балалар ертегіден шабыт алып, позитивті көңіл-күй сыйлады.
"Көңілді қысқы ойындар"
15
январь
2026
"Көңілді қысқы ойындар"
Бөбекжай-бақшамыздың консультациялық пунктіне қатысушы балалармен «Көңілді қыс және қысқы ойындар» атты ойын-сауық іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – балалардың қыс мезгіліне деген қызығушылығын арттыру, қысқы ойын түрлерімен таныстыру, қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту және жағымды көңіл-күй қалыптастыру. Бағдарлама барысында балалар көңілді әуенмен сергіту жаттығуларын орындап, ойын кейіпкерлерімен бірге белсенді әрекет етті. «Қояндар», «Кім жылдам?» және «Қар атысу» ойындары
Балалардың сөздік қорын дамыту үшін дидактикалық ойындардың түрлері
13
январь
2026
Балалардың сөздік қорын дамыту үшін дидактикалық ойындардың түрлері
Балалардың сөздік қорын дамыту үшін дидактикалық ойындардың маңызы  Балалардың тілдік дамуы – олардың сөйлеу мәдениеті мен ойлау қабілетінің маңызды негізі. Дидактикалық ойындар арқылы бала жаңа сөздерді үйреніп, сөйлем құруды меңгереді, заттар мен құбылыстарды тануды дамытады. Негізгі ойын түрлері: Сурет арқылы сөзді тану – заттарды атау, сипаттау. Сөздерді толықтыр – сөйлемдегі бос орынды толтыру. Сөздерді сәйкестендіру – зат пен сөзді дұрыс жұптау. Бір сөзден сөйлем – берілген сөзбен сөйлем
"Аяз ата таяғының сиқыры"
25
декабрь
2025
"Аяз ата таяғының сиқыры"
Тақырыбы:  "Аяз ата таяғының сиқыры"   Консультациялық пункт балаларына арналған жаңа жылдық мерекелік кешіміз шаттық пен күлкіге толы болды Балалар жаңа жыл мерекесімен танысып, Аяз атаның сыйлыққа толы сиқырлы әлеміне саяхат жасады.Әсем безендірген шырша, жарқыраған ойыншықтар балалардың ерекше қызығушылығын оятты. Ән айтып, би билеп, тақпақтар оқыған бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп, достық пен қуанышқа бөленді.  Мерекелік кеш балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, сөздік қорын