"Көңілді қысқы ойындар"
Бөбекжай-бақшамыздың консультациялық пунктіне қатысушы балалармен «Көңілді қыс және қысқы ойындар» атты ойын-сауық іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – балалардың қыс мезгіліне деген қызығушылығын арттыру, қысқы ойын түрлерімен таныстыру, қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту және жағымды көңіл-күй қалыптастыру. Бағдарлама барысында балалар көңілді әуенмен сергіту жаттығуларын орындап, ойын кейіпкерлерімен бірге белсенді әрекет етті. «Қояндар», «Кім жылдам?» және «Қар атысу» ойындары